БАҒАЛАР:

01ФОТОСЕССИЯ

СЕН

СЕНжеке портрет

Тек саған арналған бір сағат

30 000 ₸

Толығырақ
  • Ұзақтығы: 1 сағат
  • Локация мен образды бірге таңдаймыз
  • 100 фото: ретушь пен цветокоррекциядан өткен
  • Дайын болуы: 3–7 күн
  • Студия жалдау бағаға кірмейді
ЭКСПЕРТ

ЭКСПЕРТжеке бренд түсірілімі

Кәсібіңізді көрсететін образ

40 000 ₸ / сағат

2 сағаттан бастап — сағатына 35 000 ₸

Толығырақ
  • Ұзақтығы: 1 сағат
  • Түсірілімге дейін мудборд жіберемін, концепция мен детальдарды бірге талқылаймыз
  • Локация мен образды бірге таңдаймыз
  • 100-ден астам фото: ретушь пен цветокоррекциядан өткен
  • Дайын болуы: 3–7 күн
  • Қосымша төлеммен экспресс өңдеу бар
  • Студия жалдау бағаға кірмейді
МАХАББАТ

МАХАББАТжұптық түсірілім

Екі тағдыр тоғысы — бір кадрда

40 000 ₸ / сағат

2 сағаттан бастап — сағатына 35 000 ₸

Толығырақ
  • Локация мен образды бірге таңдаймыз
  • 100 фото: ретушь пен цветокоррекциядан өткен
  • Дайын болуы: 3–7 күн
  • Студия жалдау бағаға кірмейді
БІРГЕ

БІРГЕотбасылық және топтық түсірілім

Жақындарыңызбен бірге өткен уақыт — ең қымбат естелік

45 000 ₸-ден / сағат

Толығырақ
  • Локация мен образды бірге таңдаймыз
  • 200 фото: ретушь пен цветокоррекциядан өткен
  • Дайын болуы: 3–7 күн
  • Студия жалдау бағаға кірмейді
  • Нақты баға адам санына және түсірілім форматына байланысты
СӘТТЕР

СӘТТЕРтой, туған күн, іс-шаралар және отчеттық фото

Маңызды күніңіздің әр сәті — естелікте

70 000 ₸-ден

Толығырақ
  • 3–4 сағаттық іс-шара — 70 000 ₸
  • 5–7 сағаттық іс-шара (мысалы, той) — 90 000 ₸
  • 200–350 фото
  • Дайын болуы: 1–2 күн ішінде — іс-шара фотолары тез қажет екенін білемін

СЫЙЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ

15 000 ₸-ден

Жақын адамыңызға әдемі естелік сыйлаңыз. Сертификатты 15 000 ₸-ден бастап кез келген сомаға алуға болады, ол 1 жыл жарамды. Төлемнен кейін оны арнайы дизайнмен жіберемін; фотосессия бағасы сертификаттан асса, айырмасын қосып төлейсіз.

Жазу

02БРЕНДТЕРГЕ

БІР РЕТТІК ТҮСІРІЛІМ

БІР РЕТТІК ТҮСІРІЛІМ

Брендіңіздің концепциясын ашатын визуал

65 000 ₸-ден

Толығырақ
  • Түсірілім концепциясын бірге ойластырамыз
  • Мудборд пен фото референстерін дайындаймын
  • Локация таңдауға көмектесемін
  • Концепцияға сай түсірілім: 2–3 сағаттан бастап
  • 100–250 өңделген фото
  • Дайын болуы: 10 күн ішінде
  • Қосымша төлеммен экспресс өңдеу бар
АЙ САЙЫНҒЫ ПАКЕТ

АЙ САЙЫНҒЫ ПАКЕТ

Брендіңіз үшін тұрақты, біртұтас визуал

150 000 – 200 000 ₸ / ай

Толығырақ
  • Бір реттік түсірілімдегі барлық қызмет
  • Айына 3 түсірілім
  • Әр түсірілімнен кейін Instagram-ға арналған визуал дайындаймын
  • Нақты баға түсірілімдердің ұзақтығына байланысты есептеледі

Видео түсіру қызметі де бар. Толығырақ білу үшін маған жазыңыз.

Жазу

ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

  1. 01
    Өтінім

    «Бос күндер» бетінен күн таңдап, WhatsApp-қа жазасыз

  2. 02
    Алдын ала төлем

    15 000 ₸ төлегеннен кейін күніңіз бекітіледі

  3. 03
    Талқылау

    Локация, образ және идеяны бірге ойластырамыз

  4. 04
    Түсірілім

    Позаларды көрсетемін — бәрі еркін әрі жеңіл өтеді

  5. 05
    Жеке галерея

    Дайын фотоларды жеке онлайн-галереяға жіберемін

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:

Фотостудия бағаға кіре ме?

Жоқ, студия жалдау бөлек төленеді. Бірақ бюджетіңізге сай студия табуға көмектесемін.

Түсірілім қай жерде өтеді?

Студияда немесе сыртта. Локацияны бірге таңдаймыз: алдын ала төлемнен кейін толық кеңес беремін.

Қалай жазылуға болады?

«Бос күндер» бетінен ыңғайлы күнді таңдап, WhatsApp-қа жазыңыз. Күн 15 000 ₸ алдын ала төлемнен кейін бекітіледі, бұл сома жалпы бағадан шегеріледі.

Күнді ауыстыруға бола ма?

Иә, алдын ала төлем сақталады. Ал түсірілімнен бас тартсаңыз, ол қайтарылмайды.

Мен фотоға жақсы түспеймін, кадрда өзімді еркін ұстай алмаймын.

Уайымдамаңыз, бұл жиі айтылатын сөз. Түсірілім кезінде позаларды көрсетемін, өзіңізді еркін сезінуіңіз үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

Фотолар қанша күнде дайын болады?

Жанрына қарай 1–10 күн ішінде. Іс-шара фотолары ең жылдам дайын болады: 1–2 күнде.

Өңделмеген фотоларды (исходниктерді) бересіз бе?

Жоқ. Өңделмеген фотолар — менің жұмысымның ішкі процесі. Мен ең әдемі кадрларды таңдап, кемінде 100 фотоны өңдеп беремін. 2–3 сағаттық түсірілімдерде олардың саны одан да көп болады.

Мені таңдағаныңыз — менің көзқарасым мен өңдеу стиліме сенім артқаныңыз деп ойлаймын.

Фотоларды қалай аламын?

Дайын фотоларды жеке онлайн-галерея арқылы жіберемін: ыңғайлы әрі әдемі, кез келген уақытта жүктеп алуға болады.

Фотоға түсіруді үйретесіз бе?

Иә, белгілі бір тақырып бойынша консультация немесе жеке курс өткізе аламын. Толығырақ білу үшін маған жазыңыз.

БАЙЛАНЫСУ:

WHATSAPP INSTAGRAM Контактіні сақтау ↓
Жазу